Жылдам, қауіпсіз, оңай. Бір түрту арқылы Google аккаунтымен кіріңіз.
Google аккаунтыңызды қолданып, тіркелу және кіру процесін қауіпсіз әрі оңайырақ етіңіз. Осылайша пайдаланушы аты мен құпия сөзді енгізуге көп уақыт кетірмей, ұнайтын қолданбалар мен сайттарды көбірек пайдалана аласыз.
-
Еш қиындықсыз кіріңіз
Жаңа аккаунтты оп-оңай әрі қауіпсіз жолмен жасаңыз немесе ұнататын қолданбалар мен сайттарға пайдаланушы атын және құпия сөзді енгізбей-ақ кіріңіз.
-
Кез келген құрылғыны қолданыңыз
Барлық браузер мен құрылғыда (iOS пен Android-ты қоса алғанда) ыңғайлы әрі әдеттегідей кіріңіз.
-
Байланыстыру әрекеттерін басқарыңыз
Қолданбалар мен сайттарға аккаунт туралы ақпаратты (аты-жөніңіз, электрондық поштаңыз бен профиль суретіңіз сияқты) қауіпсіз жолмен бере отырып және Drive секілді Google қолданбаларына кіру рұқсатын басқара отырып, оларды бақылауда ұстаңыз.
-
Google көмегімен әрдайым қауіпсіздікті сақтаңыз
Бұрын қолданылған құпия сөздер мен қорғалмаған кіру әдістерін ұмыта беріңіз. Қауіпсіз жолмен кіру үшін Google аккаунтыңызды пайдаланғанда, құпия сөздеріңізді аз қолданба мен сайт сақтайды. Сондықтан деректеріңізге қауіп төнбейді.
Google аккаунтымен кіру функциясын пайдалану әдісі
Қолданбада не сайтта "Google аккаунтымен кіру" түймесін басыңыз
Пайдаланылатын Google аккаунтын таңдаңыз
Қолданбаға не сайтқа Google аккаунтыңызбен бірінші рет кіріп жатсаңыз,
аккаунтыңыз туралы ақпаратты (аты-жөніңіз, электрондық мекенжайыңыз бен
профиль суретіңіз) бөлісіңіз.
Кейбір қолданбалар мекенжайыңыз не телефон нөміріңіз сияқты басқа да
ақпаратты сұрауы мүмкін. Сұралатын ақпарат түрін Google аккаунтының
параметрлеріне кіріп, кез келген уақытта реттей аласыз.
Қолданбаға не сайтқа өтіңіз
Енді кірдіңіз!
Келесіде осы Google аккаунтыңызбен оп-оңай қайта кіре аласыз.
-
Әдепкісінше қауіпсіз
Сізде жылдам әрі қауіпсіз кіру мүмкіндігі болуы керек. Google аккаунтымен кіру функциясы интернетте ақпаратыңыз сақталатын орындар санын шектей отырып, үшінші тараптар деректерінің қолды болуынан қорғануға көмектеседі.
-
Барлығын өзіңіз басқарасыз
Әрбір үшінші тарап қолданбасымен не сайтымен бөліскіңіз келетін ақпаратты реттей аласыз. Сондай-ақ параметрлерді кез келген уақытта Google аккаунтыңыздан жаңартуға болады.
-
Құпиялықты есепке алып жобаланған
Google компаниясы Google аккаунтымен кіру функциясын қолданғанда алынған ақпаратты не әрекеттерді жарнама немесе өзінің басқа бір өнімін жақсарту үшін пайдаланбайды. Біз деректермен жұмыс істеудің жауапты тәртібін қатаң ұстанамыз, ол құпиялығыңызды сақтауға бағытталған.